• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі

Кәсіпкерлерді бюрократиялық түрлі қысымдардан қорғау-мемлекет дамуының бір негізі. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Осы мақсатта департамент мамандары Шу және Т.Рысқұлов аудандарында болып, ірі өндіріс орындары мен шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті.


Жамбыл облысында бірнеше ірі кәсіпорындар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті тиісті келісімге отырған. Соның бірі Шу ауданындағы «ҚазИрАгро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Тәулігіне үш тонна сұйық май өндіретін кәсіпорын бұған дейін өз өнімдерін Жапония еліне экспорттап үлгерген.


Марина Метисова кәсіпорын директорының орынбасары : Біз мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанына қуаныштымыз. Біздің өнімдеріміз шет елге шығарылатын болғандықтан кедендік мәселелерге жиі тап болып жатамыз. Агенттік өкілдері осы бағыттағы мәселелерге заң аясында өз көмектерін көрсетуде.


Бұдан басқа да кәсіпкерлер агенттіктің көмегіне сүйеніп өндірістерін іске қосып, өнім шығаруға қол жеткізді. Мәселен, Әулиеата өңіріне кеңінен танымал «Шәушен» шаруа қожалығы жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұл бастамасына дән риза. Өйткені шаруашылықтың құжаттар рәсімдеу кезінде түрлі қиындықтарға тап болатыны жасырын емес.


Сайранбай Дөненбаев шаруа қожалығының жетекшісі:


-Ал, бизнесін жаңадан бастаған азаматтарға жер телімін алу, кәсіпті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізу сияқты мәселелерге мамандар көмектесуге дайын.


Дәурен Омаров, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы:


Мемлекет көмегіне сүйенген кәсіпкердің өндірісі келешекте қанат жаятыны сөзсіз. Бұл бірінші кезекте ел экономикасын арттыруға сеп болатыны анық.


Кәсіпкерлерді бюрократиялық түрлі қысымдардан қорғау туралы Елбасы биылғы қазан айындағы Жолдауында да айтып өтті. Яғни, еркін бағыт алып экономикалық дами білгенде ғана кәсіпорында суда жүзген балықтай қарқыны өсе бермек.


 


Дереккөз: http://taraztv.kz/kz/news/society/kesipkerlerge-koldau-korsetiledi-3


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.