• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Жамбылда 23 мың жұмысшының жалақысы көтерілмек

Келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын жиырма үш мыңнан астам жамбылдықтың төменгі жалақысы өспек. Бұл туралы бүгін  өңір басшысы Асқар Мырзахметов, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін жариялау барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, Жамбыл облысында Мемлекет басшысының алты басым бағыты бойынша жұмыстардың тыңғылықты орындалып жатқанын жеткізді. Жалақы көтеру туралы Президенттің Жолдауын жамбылдық жеке меншік  иелері қуаттап отыр. Елбасы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырғаны белгілі. Сондай-ақ, бұл бастаманы қолдауға жергілікті кәсіпорын басшыларына үлкен сенім  білдірді. Осы тұрғыда жаңа жылдан бастап өңірдегі ірілі-ұсақты кәсіпорындардың көпшілігінде еңбекақы еселей өседі.


АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Облысымызда тоқсан беске  жуық ірі және орта кәсіпорындар бар. Соның ішіндегі кәсіпорындар бүгінде келіссөздің алғашқы нәтижесі ретінде тоғыз мың қызметкердің еңбекақысы келер жылы көтерілгелі отыр. Бұл жерде тек қырық екі мыңға дейін емес, қырық екі мың теңгеден жоғары көтерілетін болады.


Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 30%-ға өскен. Жағымды үрдіс келер жылы жалғасын таппақ. Бұдан бөлек, өңірде шағын және орта бизнесті несиелеу көлемі де артады. Биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңгеге бөлінсе, келер жылы бұл қаржының көлемі сегіз млрд-қа дейін жетпек.


АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Қазір облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд АҚШ доллары болатын он үш жоба іске асырылуда. Агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2,3 мың тонна ет экспортталды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда үш есеге көбейіп отыр.


Жолдауға сай, өңірде медициналық көмектің қолжетімділі артпақ. «7-20-25» бағдарламасымен халықты үймен қамту да биліктің басты назарында.  Бұдан бөлек, жол, инфроқұрылым мәселесі де шешілмек. Әзірге, әкімнің есебіне сай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы көңіл қуантарлық.


Жақсай ҚҰТА


Дереккөз: http://taraztv.kz/kz/news/society/onirdin-eleumettik-ekonomikalyk-ahualy


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.