• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Жамбыл ауданында жаңаша серпіліс бар

Жамбыл ауданында барлығы қырық екі елдімекен болса, соның бүгінде жиырма тоғызы көгілдір отынмен қамтылған. Қазіргі кезде он үш ауылды газдандыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұған қатысты бірқатар мәселенің шешімі табылса, келер жылы қалған елдімекендерге газ құбырын тарту жұмыстары қолға алынбақшы. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте аудан әкімі Бақыт Қазанбасов мәлімдеді.


Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің он айдағы қорытындысы туралы баяндаған әкім осы уақыт аралығында 49 млрд. 193,3 млн теңгенің өнімі өндірілгенін айтты. Ауданда инвестиция тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда екен. Атап айтсақ, «Супер фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнім көлемін екі есеге ұлғайтуды көздеп отыр. «Супер Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің «Бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын зауытының көлемін кеңейту» құрылысының жоба құны шамамен 3,5 млрд. теңге. Сондай-ақ, 250 адам жұмыспен қамтылатын жобаның жер көлемі – 1,5 гектарды құрап отыр. Соның нәтижесінде екінші цехтың құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Ол жыл соңына дейін қолданысқа енгізілуі мүмкін. Осылайша, серіктестік аудан бюджетіне сегіз млрд инвестиция құйыпты. Одан бөлек, Қаракемер ауылында 120 гектар аумаққа жылыжай салу қолға алынса, Айша бибі елдімекенінде жалпы құны он алты және жиырма төрт  млрд теңгені құрайтын екі күн электр станциясы салынбақшы. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталады деп күтілуде. Аудан көлемінде ірі-қара мал басын қырық бір мыңға жеткізу көзделуде. Ет экспорттау бойынша 110 тонна меже қойылған болса, бүгінде оның көлемі 285-ке жеткен. «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша осы жылы бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, жаңа жылға дейін екінші үйдің құрылысы аяқталады. Аймақтағы қырық екі елдімекеннің он үші газбен қамтамасыз етілмеген. Келер жылы бұл бағытта нақты істер қолға алынса, кезең-кезеңімен ауылдарға көгілдір отын тартылатын болады.


Бақыт ҚАЗАНБАСОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫНЫҢ ӘКІМІ


http://taraztv.kz/kz/news/society/zhambyl-audanyn-zhanasha-serpilis-kutude


 


 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.