• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Қордай ауданы. Масаншы жылыжайы

Қордай ауданы, Масаншы жылыжайы
Жамбыл облысының Қордай ауданы, Масаншы ауылынан салынған жылыжай 2017 жылдың қазан айында іске қосылды. Оңтүстіккореялық технологиямен салынған бұл жылыжай кешенінде қызанақ пен қияр егіледі. Нәрлендіру үшін көкөністерге тамшылатып суғару әдісі қолданылады. Бұл жылдың төрт мезгілінде мол өнім алынып отырған аудандағы ең ірі кешен болып табылады.
Бір гектар аумақты алып жатқан кешенге 1 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Жаңа технологияны алдымен «Грин Вилл» ЖШС-гі мен «Щенхо» шаруа қожалығы енгізді. Масаншы ауылының тұрғындары үшін жылыжай кешені жаңа жұмыс орындары болып табылғаны анық.
Заманауи жылыжайдың жабдықтау жұмыстарына бастапқыда Оңтүстік Кореядан арнайы өкілдер шақырылды. Жылыжайдың ішінде ауа ылғалдылығы мен температуралық режим сақталады. Көптеген радиаторлар және желдеткіштер жылыжайдың ауасын реттейді. Сондай-ақ, тиісті уақытта басқару пульт арқылы көшеттер арнайы дәрумендері бар сумен суарылады.
Жоғарыдан бүркілеген су ауаны тазартып қызанақтарға оңтайлы жағдай жасайды. Жылыжайда Оңтүстік Корея өндірушілерінің ең заманауи құрал-жабдықтары қолданылады. Мұнда қызанақтардың жапондық сорттары да кездеседі.



Атап өту қажет, оңтүстік кореялық мамандар кешен құрылысының ең басынан бастап алғашқы өнім жинағанға дейін бақылау жүргізеді. Олар бүкіл процесті бақылап, жаңа технологияларға жергілікті көкөніс өсірушілерді үйретеді.
Қазір қараша айында қызанақ өнімдерін жинау басталады. Жаңа технологияның тиімділігін көрген қос шаруашылық алда дәл осындай екі жылыжай кешенін соғуды жоспарлауда. 1 гектар аумақты алып жатқан жылыжайдан жылына екі рет өнім алынады, әр циклы алты айдан.
Қазіргі жылыжай ғимараттары жабық экологиялық жүйе ретінде, жарық өткізгіш материалдармен жабылып, жасанды климатта ауылшаруашылық дақылдарын өсіретін, аз көлемді механизацияланған және автоматтандырылған технологиялық пакеттермен қамтамасыз етілген.
Қазақстанда жеке шаруа қожалықтары жабық жерде ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге соңғы кездері жиі қызығушылық танытып келеді. Сонымен қатар еліміздің оңтүстік өңірлерінде жылыжай өндірісі жыл сайын өсуде.
Жылыжай комплексін Қазақстанда дамытуға атсалысып келе жатқан Голландия, Израиль, Ресей, Түркия, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінің мамандандырылған ірі фирма мен компаниялары екенін айта кетейік.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.