• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Жаңарған Кентау

Бүгiнде Кентау қаласы қарқынды даму үстінде. Бұған айғақ болар соңғы атқарылған жұмыстар. Кентау қаласы мен шаһарға қарасты ауылдарда білім саласының мекемелерінде  толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіп жатыр. Атап айтар болсақ, Хантағы ауылы мен Ащысай ауылында орналасқан екі бірдей білім ошағы, мәдениет сарайы және спорт ғимараты толықтай жөндеуден өтті. Жоғарыда аталған екі ауылдың да саябақтары ретке келтіріліп, қаншама жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген көшелерге асфальт төселіп, көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынған болатын. Одан өзге Қарнақ өңірінде 50 жылдан астам уақыт тас жолда жүрген ауыл тұрғындары да енді тегіс асфальттелген жолды игіліктеріне пайдалануда. Сонымен қатар, Кентаудың Байылдыр ауылында да жаңа оқу жылында жаңа мектептің есігі айқара ашылмақ.


    Кәсiпкерлерге де өз кезегінде  мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетiлуде. «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында индустриалды аймақтар құрылып, 200-ден астам кәсiпкер жеңiлдетiлген несие мен грантқа қол жеткiзген болатын. Кентау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Мұрат Құлдановтың қолға алуымен қалада екі бірдей спорт алаңшасы салынды.


   Кентау қаласында «моноқала» бағдарламасы аясында көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына 6 спорттық алаңша орнатылған болатын. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдауларды иеленіп осындай 4 спорт алаңшасын орнатты. Жалпы қазір қалада спорт мектептерінен бөлек 10 спорт алаңшасы тұрғындар үшін қызмет жасауда. Биылғы жыл Кентау қаласы үшін ауқымды жұмыстар жылы болуда. Аталмыш игі істер мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып, шалғай ауылдарға шарапаты тиюде.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.