• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілуде

   Мүмкіндігі шектеулі деп аталғанымен осынау жандар да қоғамымыздың бір мүшесі санатында. Сондықтан оларды өзекке теппей, керісінше көп болып көмектесу барлық тұрғыдан қолдау көрсету аса маңызды. Бүгінгі таңда үкімет тарапынан азаматтарға барынша сапалы әрі уақытылы қызмет көрсету бағыты талмай еңбек етуде. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде.


   Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек  назар аудару туралы кеңінен айтылған болатын. Осыған сәйкес,  «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына - 25 игі іс» өткізу шарасының аясында «Әлеуметтік қолдау» айлығы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңіріміздегі мүмкіндіктері шектеулі(мүгедек) жандар қол арбамен қамтылды. 


   Атап айтсақ, жыл басынан бері тіркеуде тұрған 1422 мүмкіндігі шектеулі(мүгедек) азаматтарға 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-і таратылған болатын. Сөйтіп, облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қол арбамен қамтылып, оның 43-не жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлме ішілік және серуендік екі қол арбадан берілген. 


   Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі жандарға  деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз кеңістік шаралары аясында атқарған шаралары да аз емес.   


   Айта кетейік, өңірімізде 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер болып табылады. Ал аймағымызда бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.