• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Түркістанның көшелері абаттандырылып жатыр

   Іргетасы сонау V-VІ ғасырларда қаланған, Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі -Түркістан қаласы. Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстарының көпшілігін өз бойында жинақтаған қалада қазіргі заман құрылыстары қарқынды жүруде. Қаланы көріктендіру мақсатында қолға алынған шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, Түркістан көшелерінде 16 жылдан бері жаңармаған аялдамалар жөнделе бастады.


   Түркістан қаласының орталығындағы аялдамадардың біраз бөлігін 2000 жылдары жеке кәсіпкерлер жалға алып, шағын сауда дүңгіршектерін ашқан болатын. Бір отбасының табыс көзіне айналған бұл дүңгіршектер жолаушылар үшін де тиімді еді. Десе де, қазіргі күні тозығы жетіп, көнерген бұл орындарды қайта жаңғырту мақсатында жергілікті билік бастама көтерген болатын. Атқарушы орган өкілдері меншік иелеріне жалға берілген аялдамаларды жаңарту үшін ұсыныс жасаған,нәтижесінде, игі бастаманы қолдаған кәсіпкерлер өздері салған аялдамаларды бұзып, жолаушылардың қоғамдық көлікті күту орнын мемлекетке қайтаруға бірауыздан келіскен.


   Бүгінгі таңда қала орталығындағы ескірген аялдамалар мен дүңгіршектер сүріліп, жаңа сәулеті келіскен аялдамалар орнатылуда. Салынып жатқан аялдамалардың ерекшелігі, түнгі мезгілде де жарық беріп тұратын бұл орындарда, көпшілік үшін ел көлеміндегі басты оқиғалар бейнеленген көрнекі құралдар орнатылған.


   Қазіргі таңда бұл аялдамалардың біразы пайдалануға беріліп, халыққа тек күн сәулесінен қорған болып қана қоймай, ел жаңалықтарынан да хабардар болуға септіктерін тигізуде. Түркістан тарих пен жаhандану кезеңінің тоғысқан мекені. Көне қаланың  ажарланған кейіпін көру баршамыздың көз қуанышымыз.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.