• Бүгін: 21.05.2019 |$1 = ₸378.50

«Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясына шақырамыз!

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.


Акцияның мақсаты кез-келген құқықтық мәселе бойынша халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету болып табылады.


Акцияға түрлі салалардағы 60-тан астам мамандар қатысады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, Ұлттық Бюро, прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер, сот органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері, кәсіби адвокаттар мен нотариустар.


Өтетін орны: «Көрме» орталығы, Шымкент қаласы, Астана даңғылы,12.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.