• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін, 26 қараша күні Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы бойынша филиалы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Меморандумға қол қойылды. 


Іс-шараның негізгі мақсаты - бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.


Қол қою рәсімі аясында отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерге жол бермеу және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері айтылды. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.