• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Шымкентте денсаулық эстафетасы өтті

Еліміздің барлық қалаларында бір мезгілде денсаулық эстафетасы ұйымдастырылды деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы акцияны «Салауатты өмір салты үшін» ұранымен өткізді. Мұндағы мақсат – әр тұрғынның назарын салауатты өмір салтын ұстануға аудару және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндеу.


Акция барысында жедел жәрдем стансасының мамандары көшеде жүрек талмасы ұстаған науқасқа қалай көмек берудің үлгісін көрсетті. Ал қала тұрғындары терапевт, кардиолог, эндокринолог, офтольмолог-дәрігерлерге тегін тексерілді. Тұрғындар акцияға белсенді қатысып, әсіресе, кардиолог, офтольмолог-мамандардың кеңесін алды.


Дәрігерлер 200-ге жуық азаматты қабылдап, 170 адам шағын зертханалық тексеруден өтті. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері жаңа жүйенің маңыздылығын түсіндіріп, тұрғындар арасында викториналық ойындар ұйымдастырды. Жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді. Акция барысында қала тұрғындары белсенді түрде жаттығу жасап, жастар флешмоб биледі. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.