• Бүгін: 19.05.2019 |$1 = ₸379.76

"Туған өлкем, Жуалым!" атты суретшілер байқауы ұйымдастырылды

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округіндегі №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебінің акт залында Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай этнос өкілдері арасында жас қылқалам шеберлерінің аудандық "Туған өлкем - Жуалым!" атты сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Байқауды өткізудегі басты мақсат әрбір бала бойынан елжандылық, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін оята отырып, балалардың бойындағы таланттарын одан әрі жетілдіру болып табылды. Сонымен қатар, балаларды зерделілік жағынан дамыта тәрбиелеу және өз туған өлкеміздің, туған халқымыздың өткені мен бүгінгісін қадірлей, қастерлей білуге үйрету. Аталмыш байқау барысында сөз алған "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этномәдени бірлестік жұмысын үйлестіруші маманы С.Металимова қатысушыларға байқаудың ережесін түсіндіре кетіп үміткерлерге сәттілік тіледі. Байқау қорытындысы бойынша  бірінші орынды Б.Момышұлы ауылы №1 мектеп гимназияның оқушысы Ведзижева Жарадат,  екінші орынды Шақпақата ауылы, №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебінің оқушысы Макаров Данил, үшінші орынды өзара Қарасаз ауылдық округі Пушкин атындағы орта мектебі оқушысы Павел Корнев және Мыңбұлақ ауылдық округі А.Байтұрсынов мектебінің оқушысы Самедова Назиля бөлісіп алды. Жүлдеге ілінген үміткерлерге аудандық ішкі саясат бөлімінің атынан бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдар табыс етілді. "Ең үздік сурет" номинациясы № 1 мектеп гимназиясының оқушысы Клепикова Анастасияға, "Ең үздік қылқалам шебері" №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебінің оқушысы Рахан Арсенге, «Ең жас суретші» №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебінің оқушысы Шахбазова Алинаға табыс етілді. Жүлдегеге ілінбеген барлық қатысушыларға қатысқаны үшін алғыс хаттар берілді. Байқауға барлығы жиырма бес үміткер қатысты. Байқау барысында өнерлі балалар өз бойындағы қабілеттерін шыңдай түсті.


 


 


 


 


 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.