• Бүгін: 18.03.2019 |$1 = ₸375.72

Қазақ ауылында жаңа мешіт бой көтерді

Т.Рысқұлов ауданы  Қазақ ауылында жаңа мешіт пайданалуға берілді. Алланың жердегі үйі «Қазақ» ауылдық мешітінің ашылуын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай ұстаз Құрбанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы  өкіл имамы Данияр Жұмабаев, Т.Рысқұлов ауданының  имамы Джадраев Сұлтаншәріп, ардагер-ұстаз, республикалық «Мерейлі отбасы» конкурсының бас жүлдегері Өмен Ниязқұлов қария қатысып, лентасын қиды  және басқа да қонақтар мен жергілікті жұртшылық қатысты. Бұрын мешіт орынына жеке үйді пайдаланып келген жамағат сауабы мол игілікті іске ризашылығын білдірді.  Күре жолдың бойында орналасқан Қазақ ауылы үшін бұл ерекше құрметті күн болды. Өйткені, осы жол бойынан қаншама мұсылман бауырлар өтеді. Ауылдың өз тұрғындары тағы бар. Алла үйінің салынуына жергілікті кәсіпкер азаматтар, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қолдау көрсеткен.


Салтанатты шара алдымен қасиетті Құран оқумен басталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай ұстаз Құрбанұлы жиналған жұртты жаңа мешіттің ашылуымен құтықтап «Алланың үйі болған бұл мешіт жамағатымен көрікті болсын. Елдің тыныштығы, халықтардың бірлігі, дініміздің өркендеуі үшін қызмет ете берсін» деп сөз сөйлеп ашып берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы  өкіл имамы Данияр Жұмабаев  Алла үйін салған адамдарға Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде «Кім жер бетінде құрқылтайдың ұясындай болса да мешіт салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» - деген. Ислам діні еліміз бен жеремізге тарағаннан бастап мешіт салу  – Алланың сүйген құлдары, пайғамбарлары, шұғылданған қасиетті ісі болатын.  


Мешіт – жер бетіндегі Алланың үйі. Халық жүрегіне имандылық дәнін себелейтін мешіттер салуға мұрындық болған азаматтарға алғысы шексіз екенін қалың жамағат білдіріп өтуді ұмытпады. Киелі өлкеміздің әр аудан-ауылдарында мешіттердің бой көтергені – үлкен тарту, сый деп білеміз. Жиында мешіт салу ісінде өзгеге үлгі еткен, игі бастамаға себепші болған  Акимов Әбдіжаппар атамызға  ат мінгізіп шапан жапты. Жиын соңында  жамағатқа ас берілді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.