• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

«Береке» берекесін бере берсін

«Береке» бағдарламасы аясында аз пайызпен несие алып мал бордақылау ісін қолға алып, кәсібін дөңгелеткендердің қатары көбейіп келеді. 2016 жылы бұл шараларды жүзеге асыруға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қаржысы бағытталады. Жыл басынан бері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жылпы көлемі 9,2 млрд. теңгеге 3,7 мың жобаны қаржыландыған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 913 тұлғаға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан»  2.4 млрд теңге бөлініп,қолдау көрсетілген. Қазіргі таңда бұл бағдарлама аясында жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде бір мың шағын мал бордақылау алаңдарын қаржыландыру жоспарлануда.


   «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» қатысушыларын аталған бағытта қаржыландыру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» тарапынан «Береке» бағдарламасы әзірленді. Несиенің мақсатты бағытталуы - ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да ауылшаруашылық мал мен құсты бордақылау мен ауылшаруашылық өнім алу үшін сатып алу, сондай-ақ, мал азық сатып алу болып табылады.


   Сиыр етін өндіру үшін ауыл шаруашылық министрлігі, жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде 5-20 ірі қара мал  басын бордақылайтын шағын мал бордақылау алаңдарын қаржыландыруды жоспарлады. Мал сою бекеттері бордақылаумен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардан құрылған ауыл шаруашылық кооперативтердің негізінде ұйымдастырылатын болады.


       Республика бойынша 2016 жылы 55 мыңға жуық мал басына арналған 7 мыңнан астам шағын мал бордақылау алаңдарын қаржыландыру көзделген. Бұл мақсатта 10,9 млрд. теңге бағыттау жоспарланған. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 3 млрд. теңге көлеміндегі қаражатқа 7,9 мың мал басына арналған 1000 отбасылық шағын алаң қаржыландырылады деп күтілуде.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.