• Бүгін: 17.07.2019

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер күні» өткізілді

Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  Төле би ауылында «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер күні»  өтті.  Нақтылы кезеңде аудан әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсететін органдар саны – 111 болса,  аудандық деңгейдегі атқарушы органдармен 101 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Іс-шара барысында тұрғындар - отбасы,  білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, салық, жылжымайтын мүлік, жер және өзге де салалар бағытында туындайтын сұрақтарына жауаптар алуға мүмкіндік алды.


Ел Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.  Елбасының  айқындап берген  тапсырма, міндеттеріне сәйкес, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданғаны белгілі, заң аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы  және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. 


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді, әрі сапалы көрсету мақсатында елді-мекендерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ашық есік күндерін өткізу тапсырылған болатын. Бұл өз кезегінде жұртшылықтың саяси сауаттылығын арттырып, өз құқықтарын білуге мүмкіндік бермек.


 Қазір  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қоғамның ажырамас бөлігіне айналып отыр.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту мақсатында әр–түрлі  іс-шаралар ұйымдастырылып, халық пен мемлекеттік биліктің арасындағы қарым қатынасты нығайтуға жағдайлар жасалуда. Арнайы ұйымдастырылған  іс-шарадан ауыл тұрғындары өздеріне пайдалы ақпаратты, қызмет түрлерін алып көңілдерінде жүрген сұрақтарын қойды.


Мұндай іс-шараларды алдағы уақытта ауданның барлық ауылдарында өткізу  жоспарланып  отыр,  дейді мамандар.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.