• Бүгін: 23.01.2019 |$1 = ₸378.23

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді бола түсті

Меркі ауданында Тұңғыш Президент күніне орай үш бірдей  амбулаториялық пункттің ашылу салтанаты өтті. Медициналық нысандар Тұрлыбай батыр, Мыхан, Екпінді ауылдарында орналасқан. Медициналық пунктердерде халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіледі, сондай-ақ ересектер мен балаларды медициналық көмектің қолжетімді заманауи жоғары технологиялық жүйесімен қамтамасыз етіп, профилактикалық іс-шараларды және халықты диспансеризациялауды жүзеге асырады. Алғашқы нысан  Тұрлыбай батыр ауылдық округінде  пайдалануға берілді.  Бес келушіге арналған медициналық пунктінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков, аудан тұрғындары, ауыл ақсақалдары қатысты. Амбулаториялық пункттің құрылысын  «Промхиммонтаж» акционерлік қоғамының құрылысшылары жүргізген. Құны-26 млн. 403 мың теңге.


Фельдшерлік акушерлік пункт меңгерушісі Зәуре Кенжатаеваның  жиырма жылдық тәжірибесі бар. Өз ауылында осындай ғимараттың ашылып, халықтың денсаулығы назардан тыс қалмай, шалғайда тұрған ауыл  болса да заманауи жабдықпен қамтылғанына дән риза. Ал, «Мыхан» ауылындағы дәрігерлік амбулатория он келушіге арналған. Бұл ғимаратты «Жанайым құрылыс» ЖШС салды. Жобалық құны- 34 млн.993 мың теңге .


Үшінші медициналық нысан  Меркі ауданы Екпінді ауылында пайдалануға берілді. онкелушіге арналған фельдшерлік амбулоториялық пункттің құны 29 млн теңге. Медицина нысандары мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба жөніндегі шарттың қолданылу мерзімі үш жыл. Жобаның институционалдық схемасына сәйкес Жеке әріптес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның шарты бойынша нысанды мемлекеттік меншігіне береді. Мемлекеттік әріптес Жеке әріптестің инвестициялық шығындарын өтейді және қолжетімділік үшін сыйақы төлемдерін жүзеге асырады. Мемлекеттік әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанды коммуналдық меншіке қабылдап алып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанда «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы Талас ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК персоналын орналастырып мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Жеке әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанды коммуналдық меншіке беруден кейін, нысанды коммуналдық меншікке беру сәттен үш жыл бойы инвестициялық шығындарды өтеу үшін нысанның құнын жүз пайыз мөлшерінде алып отырады.


 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.