• Бүгін: 23.01.2019 |$1 = ₸378.23

Мәдімәр ауылында медициналық фельдшерлік акушерлік тірек ашылды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесі жамбылдықтар үшін қос-қос қуанышқа айналуда. Соның бір айқын дәлелі Байзақ ауданына қарасты Ынтымақ ауылдық округі Мәдімәр ауылында жиырма келімге арналған медициналық фельдшерлік акушерлік тіректің ашылуы. Жаңадан ашылған ғимараттың лентасын ардагерлер кеңесінің төрағасы Шохайбаев Болат және еңбек ардагері Мырзахметов Төлен қиды. Заманауи техникалық базамен толықтай қамтамасыз етілген жаңа медпункт тұрғындардың ризашылығын туғызды. Аудан әкімі ауданда жасалып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, ауыл тұрғындарын келе жатқан 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27-жыл толуымен және заманауи техникалық базамен толықтай қамтамасыз етілген жаңа медпунктің ашылуымен құттықтап, ізгі ниетін білдірді. Облыстан, ауданнан арнайы келген қонақтар бастаған ауыл тұрғындары ғимарат ішіне кіріп, жаңа нысанның бөлмелерін аралап көрді. Амбулаториядағы анықтама, зертхана, екпе егу, залалсыздандыру, терапия, педиатрия, әйелдерге көмек көрсететін орын мен күндізгі ем-шара кабинеттері толықтай соңғы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Кең, әрі жарық, науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалған мекеме ендігі жерде сапалы медициналық көмек жолында қызмет ететін болады.


Сонымен қатар ауыл тұрғыны, қоғам белсенділері ауыл тұрғындары атынан Елбасы Н.Назарбаевқа, облыс және аудан басшыларына рахметін айтып ризашылығын білдірді. Елбасы биылғы жолдауында да денсаулық сақтау саласының мәселелеріне ерекше тоқталды. Дәрігерлер жалақысын өсіру, ауыл медицинасының деңгейін көтеру сынды бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының жолдауға арқау болғаны қуантады. Соның арқасында бұл күндері түкпір-түкпірдегі ауылдық елдімекендерде жергілікті медициналық пунктер жиі ашылу үстінде. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шохайбаев Болат Елбасының медициналық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі саясатының шапағаты ынтымақтықтарға да тиіп отқандығын жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының атынан үлкен ризашылығын білдірді. Жиын соңында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп қорытындылады.


 


Бөлісу:
Сialis жазған (2019-01-17 00:22:19):
Now I am ready to do my breakfast, later than having
my breakfast coming over again to read more news.

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.