• Бүгін: 23.06.2018 |$1 = ₸339.98

Отырарда биоэтанол өндірісін қолға алу көзделуде

   Бүгінгі таңда әлемде биоэтанол өндірісінің өрісі кеңіп, пайдаланушылар қатары көбейіп келеді.


Биоэтанол – толығымен ылғалсыздандырылған таза этил спирті. Ол бензин құрамындағы октан санын көтередi, өз ретiнде мұндай қоспасы бар отын қоршаған ортаға лас қалдықтарды 40-80 пайыз аз шығарады.


   Жалпы биоэтанол - үлкен қалалар үшiн таптырмайтын отын көзi. Әлемдiк тәжiрибеге сүйенсек, 70-жылдары Бразилияға мұнай эмбаргосы жарияланған соң, бұл ел толығымен қант құрағынан биоэтанол өндiрiп, өз автокөлiктерiн осы отынға толықтай көшiрген.  Қазiр әлемде биоотынды ең көп өндiретiн Бразилия мен АҚШ. АҚШ мұнай өнiмдерiн импорттауда жылына 1,5 миллиард  үнемдейдi. Қазiр мұнай доллар бағасының жылдан жылға шарықтауы әлемнiң барлық елдерiн жаңа отын көзiн iздеуге итермелеуде.      Статистикаға сүйенсек, биоотын қолдану көлемi жыл сайын жер шарында 2-3 пайызға артып отыр екен. Қазiрдiң өзiнде Швециядағы көлiктердiң 80 пайызы осы отынмен жүредi.


   Автокөлiктер саны жылдан жылға көбейiп келе жатқан мегаполистер үшiн бұл таптырмайтын қоспа. Биоотынды рапс, бидай. қант құрағынан, жүгеріден алуға болады. Қазақстанда осы өсiмдiктердiң көбі өсiрiледi десек, шикiзат көзi жағынан еш тапшылық болмайтыны анық. Рапс майынан биодизель өндiруге болады, ал биоэтанол бидайдан және жүгерiден алынады. Осы орайда, шетелдік кәсіпкерлер Отырар ауданында биоэтанол өндірісін қолға алуға қызығушылық танытып отыр. Негізгі шикізаты өсімдіктен алынатын биоэтанол өндірісі үшін Отырыр аудан таптырмайтын қолайлы аймақ болып саналады.


   Кеңестік кезеңде 20 мың гектар алқапқа жүгері егіп, одан 50 мың тонна дән өткізген топырағы құнарлы отырарлықтар бүгінгі таңда жаңа технологиялармен және ғылымды ұштастыра отырып жүгері өндірісін қайта қолға алуда.


   Аптаның басында француздық экономика саласының докторы, профессор Жан-Поль Ж.Дельхольм мен елімізге белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты С.Сейітжанов Отырар ауданында болып, тартылатын инвестиция мөлшері, өндірістік база мен өнімді өткізу жайы әңгіме қозғаған болатын.


   Жаңа ғасыр жаңа технологияларды талап етіп, өркениет пен ғылым егіз ұғымға айналған бүгінгі күні қаншама ғылыми жаңалықтар дүниеге келіп жатыр. Қоршаған ортаны ластамау үшін әлемдік маңызға ие биоэтанол өндірісі Отырарда қолға алынса, ауданда экологиялық таза өнімнің бренді қалыптаспақ.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Мау 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

8

12

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17