• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Мақтаралда ауыз сумен қамтылған ауылдар көбейіп келеді

Мақтарал ауданы мақта және бақша өнімдерімен, мал шаруашылығымен көзге түсіп, алға адымдап келе жатқан аудан. Ауданның ауызсу мәселесі жыл сайын жоспар бойынша оң шешімін тауып келеді. Ауыз суды көрші ауылдардан тұтынып отырған Алпамыс, Достық, Сырабад, Ғ.Мұратбаев, Абай, Абат, Атамұра, Андреев, Қарақыр атты тоғыз ауылдың халқы өткен жылы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Күндіз-түні үздіксіз таза суға қарқ болған тұрғындар тіршілік көзінің жанданғанына риза болысты. Ал, биыл тағы cегіз елдімекен ауыз сумен қамтылды. Бұл ауылдардың ішінде ауқымды деген Сәкен Сейфуллин, Құлшығаш, Жамбыл ауылдары да бар.


Негізі, Мақтарал ауылында жүз жетпіс төрт елдімекен тіркелген, қазіргі таңда таза ауыз су беріліп жатқан елдімекендердің саны алпыс төртке таяды. Ауданға қарасты барлық ауылдарды таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары толассыз жалғастырылуда. Яғни, Мырзашөлдегі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 355 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, Нұрлы таң, Ырысты, Қ.Пернебаев, Табысты, Октябрь, Датқа, Дархан, Сайлау, Нұр, Тың дала, Көкарал, Азат ауылдарындағы тозығы жеткен су құбырлары жөнделіп, су есептегіш құралдары орнатылып жатыр. «Мақтааралдағы жер асты су қорының мөлшерін, сапасын, жарамдылығын анықтау мақсатында 2015 жылы жиырма алты елдімекенде геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілген болатын, енді осы 2016-2017 жылдарға он тоғыз елдімекеннің жерасты су қорына іздеу-барлау жұмыстарына қаржы бөлдіруге салалық басқармаға ұсыныс беріліп отыр» деп мәлімдеді Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, халқы күн санап өсіп жатқан Мақтаарал ауданындағы 174 елдімекенде ұзындығы 1885 шақырым болатын қолданыстағы су құбыры бар. Бұл су құбырларында 225 дана ауыз су ұңғысы, 165 су мұнарасы мен 12 су сақтағыш және санитарлық қорғау аймақтары халық игілігіне жұмыс істеп тұр.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17