• Бүгін: 24.05.2019 |$1 = ₸378.33

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің» Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин, «Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры Бекдауыл Иптилдаев «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Нұрлыбек Сейдахметтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. «7-20-25» -  баспаналы болуға ниет білдіргендер үшін таптырмас мүмкіндік. Өңірдегі банк серіктестер бағдарлама басталған 6 айдың ішінде 721 млн теңге сомасына 80-нен астам өтініш қабылдаған. Олардың ішінде 400 млн теңге шамасындағы 45 өтінім мақұлданып, 300 млн. теңге сомасына 35 кредит берілді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сала мамандары тақырып бойынша талдау жасап, бағдарламаның тиімді тұстарын түсіндірді.  


Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде оның талаптарын түсіндіру, тұрғын үй нарығының нысандары туралы халықты ақпараттандыру, сондай-ақ бағдарламаның шарттары туралы жергілікті атқарушы органдармен бірге біраз шаруалар атқарылған. Қараша айында «Баспана» ипотекалық компания өкілдері бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен, еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Қазіргі уақытта Тараз қаласында  «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында «7-20-25» бағдарламасы бойынша ақпараттық орталық жұмыс істейді. Бұл жерде банк серіктестерден тұрғын үй алу бойынша кеңестер беріледі.


Халық банк, Банкцентркредит, АТФ, Форте, Цесна және Еуразиялық банктері бағдарламаның серіктес қаржы ұйымдары. Яғни, сатып алушының аталған алты банктің бірін таңдайды. Бүгінгі күні «Арай» ықшам ауданынан ұсынылған 100 пәтердің ішінен пәтер алуға ниет білдірген қатысушылардың саны елу пайыздан жоғары. Бұлардың 25-і бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен төлем қабылеттілігін бағалау және тексеру үшін банктерге жолдамалар берілген. Ал, біздегі осы бағдарлама бойынша үй алуға өтініштің аз болуының себебін мамандар соғылып жатқан арзан үйлердің аздығымен түсіндіреді.


7-20-25 – халыққа төмен мөлшерлеме бойынша тұрғын үй құнының 20 пайызы мөлшерінде бастапқы жарна талап етілетін, сонымен қатар, 25 жылға дейін кредит мерзімімен ипотекалық несие алудың теңдесіз шарттарын ұсынады. Тағы бір айта кетерлігі, бағдарламаның белгілі бір шектеу мерзімі қойылмаған. Кез-келген уақытта үй алуға өтініш бере аласыз. Ал егер, алған пәтеріңіздің құнын 25 жылға созбай, ертерек қарыздан құтыламын десеңіз де өз еркіңіз.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.