• Бүгін: 23.01.2019 |$1 = ₸378.23

Жобалық менеджмент механизмдерін "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі пайдалануда

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы "Шымкент-адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыруға негіз болып табылады.


Осылайша, а.ж. 24-28 желтоқсан күндері аралығында "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында, кеңсе қызметкерлері Академияның Шымкент қаласындағы филиалы базасында арнайы оқытылды.


Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары "Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджменттің қазіргі заманғы трендтері" атты 40 сағаттық бағдарламасымен толық танысты. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуды, сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамау, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруды көздейтін "Шымкент – адалдық алаңы" жобасының миссиясын жүзеге асыру кезінде жобалық менеджмент механизмдерін үнемі пайдалануға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша МҚІСҚА департаменті жобалау кеңсесімен бірге жаңа жыл мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтарды қабылдаудан бас тартуына бағытталған #менсыйлықалмаймын хэштегімен «Сыйлық» акциясын іске қосты.


        P.S.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 677 бабына сәйкес, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, –


алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


 


       


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.