• Бүгін: 24.09.2018 |$1 = ₸355.88

Алма езбесі Арыста дайындалады

Арыс ауданындағы қызанақ өңдеу зауыты енді алма езбесін де әзірлейтін болды. Мұны дағдарыс кезеңіндегі нарыққа бейімделу десек болады, қалай десек те отандық кәсіпкерлеріміз тығырықтан шығудың жан-жақты тәсілдерін қарастыруда. Қазақстандағы азық-түлік нарығында түрлі көкөністер мен жемістерден жасалатын езбелер жеткілікті, дегенмен мұндай тағамдардың дені шетелден экспорталатыны белгілі. Көбінде балалар рационында кездесетін және ұн өнімдерінен әзірленетін тәтті нандарға қосылатын мұндай тағамдарды енді өзіміздің отандық кәсіпкерлер дайындайды. ОҚО, Арыс ауданында алғаш рет алма езбесін өндіру ісі қолға алынды. Бұл жоба өткен жылдан бері сынақтан өтіп келеді. Алдымен алма езбесін жергілікті нарыққа шығару үшін мұндағы 120 гектар алқапқа алма бауы отырғызылды. Қазір күздік сорттар өз жемісін беріп тұр, яғни кондитерлік өнім дайындауға болады. Бұл жұмыстарды білек сыбана жүргізген арыстық «Қазына жер LTD” серіктестігі қазір алма бақты күтіп-баптау жұмыстарымен айналысуда. Бақшаға көз қырын салып, баптап жүрген бағбаншылар биыл өнім көлемі мол, 300 тоннаға дейін жеміс жинауды мақсат тұтып отыр. Ал, алма езбесін осындағы қызанақ өңдеу зауытына жолдамақ, зауытта алма езбесін дайындайтын аппараттар қамтылған.  Мұнда алма езбесінен бөлек басқа да өңделген көкөніс, жеміс өнімдері бар. Олар өңірдегі сауда орындарына шығарыла бастаған. Серіктестік басшысы отандық өнімдерді тапсырыс бойынша шет елдерге де эскпорттамақ. Кондитер өнеркәсібінде алма езбесі коп қолданылады. Алма езбесін дайындау үшін алманың күздік сорттарын салқын сумен жуып, одан соң бумен немесе ыстық сумен шарпиды. Шарпылған алма жұмсарады, зарарсызданады және алма құрамындағы қышқылдар температурасының жоғарылауынан пектин пайда болады. Тор көзді елек бетімен ысқыланып қабығынан, ұрықтарынан ажырап, біртекті массаға айналады. Осы массаны үстіне ыстық су құйып, тағы да шарпиды. Содан соң масса екінші рет ысқыланады. Дайын езбелерді ұзақ уақытқа сақтау үшін консервілейді. Боалашқта алма езбесі нарықты жаулап, ОҚО-ның брендіне айналсын деп тілейміз.  


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17