• Бүгін: 25.06.2019 |$1 = ₸378.53

ШЫМКЕНТТІК БАЛАБАҚШАДА МОНТЕССОРИ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚОЛДАНЫЛУДА

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар білім беру мекемелерінің жұмыс барысымен танысты.


Соның бірі, қаладағы №106 «Ердәулет» бөбекжай бақшасы. Балабақшада  Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі білім мекемелеріне балаларды кезекке қою және құжатты қабылдау  автоматтандырылған жүйесінің жұмысы, Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен М.Монтессори технологиясы таныстырылды.


«Бөбекжай бақшаның алға қойған мақсат - міндеттері, өз бағдарламасы бар. Мемлекеттік бағдарламаларға қосымша заманауи талапқа сай жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануда. Соның ішінде оқу қызметінде М.Монтессори технологиясын кеңінен пайдаланудамыз. Курстан 80% педагогтар өтіп, өмір жаттығулар зонасы толығымен қамтылған. Барлық топта бұрыштар жабдықталған» деп атап өтті ұжымы мен жұмысымен таныстырған балабақша меңгерушісі Г.Карибозова.


«Sanaly urpaq» республикалық жобасының жұмысымен таныстырған Қ.Токушев «Біз адамдар көп болған сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат соғұрлым тиімді болады деген қағидат бойынша жұмыс істейміз. Сіздердің, біздердің басты міндеттеріміз адал қызмет етіп, саналы ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Әсіресе, білім саласы қызметкерлеріне үлкен сенім жүктеліп отыр. Өйткені, еліміздің болашағы болар жас ұрпақтың тәрбиесімен тікелей айналысып отырғандықтан осы бастан дұрыс тәрбие беріп, адалдыққа тәрбиелеуде Сіздердің үлестеріңіз басым» - деді Қайыржан Ахметбекұлы.


Айта кетейік, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты МКҚК №106 «Ердәулет» бөбекжай  бақшасы 1984 жылы  «Шымкентдорстрой» бөбекжай балабақшасы болып құрылған. Жобалық сыйымдылығы – 230 орынға арналған.


 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.