• Бүгін: 20.07.2019

ШЫМКЕНТТЕ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзу, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын-алу мақсатында құрылған Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.


Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызмет, әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің орынбасары Н.Тілештің, Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ж.Агибаевтың және Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтің есептері тыңдалды.


Жалпы жиында мемлекеттік қызметшілердің халықпен қарым қатынасында әдеп кодексінің талаптарын сақтамау жағдайлары талқыланды.


Осы орайда әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдеріне алдағы уақытта халықпен тығыз жұмыс жасайтын мемлекеттік органдары қызметшілерінің тұрғындармен сөйлесу әдебін үйрету, азаматтармен көтерілетін өзекті мәселелерін жедел әрі сапалы қарап, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша дағдыларды үйретуге бағытталған шараларды ұйымдастыру тапсырылды.  


Айта кетейік, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелерімен тек кеңестің отырысына қатысумен шектелмей, мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеруге бағытталған дербес іс-шаралар, атап айтқанда жеке қабылдаулар, түсіндіру және т.б. жұмыстары жүргізілуде.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.