• Бүгін: 17.09.2019

Жас кәсіпкерлерді толғандырған мәселелер қаралды

Ағымдағы жылдың 12 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті жас кәсіпкерлермен диалогтық алаң ұйымдастырды.


Кездесу "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық офисінің кураторлары мен бизнесмендер, Арнайы мониторингтік топ мүшелері арасында ашық диалог түрінде өтті.


Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әли Көмекбаев «Жастар - бұл үлкен өзгерістерге ұмтылуы бар адамдар. Көбінесе жастар қандай да бір мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарайды, олар өршіл және қуатқа толы"- деп атап өтті.


«Ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда» - деп хабарлады жобалық кеңсенің басшысы Е.Төлебаев.


Айта кетейік, мемлекет жас кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі нысандарын қабылдап жатыр, атап айтқанда түрлі стартаптарға жеңілдетілген несиелер, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған мектептер жұмыс істейді.


Сондай-ақ, Әли Амантайұлы кері байланысты орнату мақсатында Департаментің memkyzmet.kz сайтында «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары, 8702 201 5151 WhatsApp нөмірі жұмыс жасайтындығын жеткізді.


«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев жобалық кеңсе тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, сәулет саласындағы қызметтерді цифрландыру бойынша «HALYKSAULET.KZ», санаториялық-курорттық емдеу бойынша электрондық платформа құру бойынша «SANKUR SHYMKENT», Шымкент қаласының мектептерінде демеушілік көмек пен меценаттыққа арналған электрондық платформа құру мақсатында «MEKTEPKE JARDEM» және т.б. жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды.


Айта кетейік, аталған кездесу жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жарияланған «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» апталығы аясында өтуде. Осы апталық аясында 11 наурыз күні Департаменттің жас мемлекеттік қызметшілермен кездесуі өткен болатын.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.