• Бүгін: 20.03.2019 |$1 = ₸376.26

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУ ТЕХНИКАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Астана мемлекеттік қызмет хабы мен HR менеджерлері ассоциациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан 2 күндік оқыту тренингі өз мәресіне жетті.  


Бірінші күні талқыға түскен мемлекеттік қызметке үміткерлермен сұхбат жүргізудің заманауи техникасының теориялық сабақтары, екінші күні практикалық сабақтармен жалғасты. Яғни, тыңдаушылар топтарға бөліне отырып, арнайы әзірленген мамандармен сұхбаттасу арқылы өз шеберліктерін шыңдап көрді.


Алматы мен Шымкент қалалары, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының персоналды басқару қызметтерінің мамандары тәжірибе алмаса отырып, оқыту барысында бірқатар ұсыныстар әзірледі.


Өңірлерден келіп бас қосқан персоналды басқару қызметінің мамандары оқыту сабақтарының нәтижесінде халықаралық тренерлердің сертификаттарына ие болды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.