• Бүгін: 26.06.2019 |$1 = ₸379.81

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ТӘРТІБІ ҚАРАЛДЫ

2019 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Амантайұлы Көмекбаевтың төрағалығымен Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті.


Әдеп жөніндегі кеңес отырысы Шымкент қаласында орналасқан бірқатар мемлекеттік орган басшыларының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында өтіп, онда Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.А.Ермекбаевқа, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Г.А.Утенбаевқа және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Б.Боповаға қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды.  


Кеңес отырысында басшылық тапсырмаларын сапалы орындау,  жеке және заңды тұлғаларға қолдау көрсету, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесін қайта қарау және мемлекеттік орган қызметіне тиісті бақылауды жүргізу сұрақтары талқыға түсіп, нәтижесімен қаралған мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері қабылданды.


Осы ретте, Кеңес отырысына қатысушы мекеме басшылығы  мен басқа да мемлекеттік қызметшілерге бұзушылықтарды алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды сапалы түрде жүргізу қажеттігі түсіндіріліп, бұзушылықтарға жол берген қызметшілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.