• Бүгін: 22.08.2019

АГЕНТТІКТІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ЖАСАМАҚ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов, қалалық полиция департаментінің басшысы Е.Жумаханбетов полиция департаментінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесін талқылады.


 «Тәуелсіздік алғалы елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлкен мән беріліп келеді. Қазіргі таңда Агенттікпен тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс жасауда» - деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев. Оның айтуынша жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және қолайлы жағдай жасауға, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.


 «Жеке қасиеттерді дамыту, өзін жетілдіруге бағытталған құндылықтар жүйесі мен жоғары моральдық қалып бұл - Агенттік жүктеген кадрлық саясаттың маңызды басымдықтары саналады.


«Өзгерістерді өзіңнен баста» принципін жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы Агенттікпен жаңа еңбекақы жүйесі сынақтан сәтті өткізілді. Қазіргі таңда жаңа еңбекақы жүйесі Шымкент қаласы әкімдігіне енгізілді» - деді Әли Амантайұлы.


Аталған қағидамен басқа мемлекеттік органдарға үлгі ретінде Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы алаңы 355,2 шаршы метрде орналасқан екінші қабатына толығымен көшіп, босатылған 1-қабатқа қала әкімдігіне қарасты мекемені орналастыруда.


Сонымен қатар, Әли Амантайұлы Агенттіктің қалалық департаментінің "Қоғамдық бақылау картасы" арқылы кері байланыс орнатылғандығын, оның аясында facebook, vk, Instagram танымал әлеуметтік желілерінде ресми парақшалар және WhatsApp, Telegram (8-702-201-51-51), сондай-ақ call-орталық 51-51-51 іске қосылғандығын, сонымен қатар, қоғам белсенділерінен құралған Арнайы мониторингтік топ жұмыс жасайтындығын жеткізді.


Сондай-ақ, іс-шара барысында дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін «Адалдық дүкендері» түсіндірілді. Мұнда адамдар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады.


Жақында өткен Агенттік төрағасы мен Ішкі істер министрінің кездесу жайлы сөз қозғалып, кездесу қорытындысымен өзара ынтымақтастық бойынша бірлескен жоспар дайындалып жатқандығы айтылды.


Ә.Көмекбаев құқық қорғау органдары қызметкерлерін аттестаттау кезінде заңсыз жолдарды іздемей, оны тапсыруға жақсылап дайындалуға шақырды.


«Біз профилактикалық тәжірибемізде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы статистикалық мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар бейнеөнімдерді көрсетуді пайдаланамыз, сондай-ақ Ұлттық Бюро Департаментімен ҚР ҚПК-ның 200-бабы негізінде қылмыстық құқыбұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды береміз» - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов.


Іс-шара барысында Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Н.Орынбаевқа, Б.Иманалиевке қатысты пара беру фактісі анықталғандығы айтылды.


Сондай-ақ, Мұрат Секешұлы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын құру, жемқорлыққа қарсы күреске азаматтардың жеке үлестерін қосу мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөмірлі call-орталығына хабарлауға болатындығын жеткізді.


Айта кетейік, кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғаммен кері байланысты орнатуды жетілдіру және өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Қалалық полиция департаменті арасында бірлескен іс-шаралар жоспарын бекіту келісілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.