• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ОҚО-да 200-ге жуық нысан құрылысы бой көтеруде

Оңтүстік Қазақстан орталығы Шымкент қаласы және облысқа қарасты 14 аудан құрылыстары қарқынды жүріп, күннен күнге қайсы бір аудан болмасын келбеті ажарланып келе жатқан аймақ. Қазіргі таңда өңірде екі жүзге жуық нысан бой көтеруде. Оның ішінде мектептер, балабақшалар және фельдшерлік пунктері көп. Әрбір аудан орталығында, ауыл-аймақта салынып жатқан нысандардың басым бөлігі тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде тапсырылмақ. Сондай-ақ, халықты баспанамен қамту мақсатында қолға алынған «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында да көп қабатты үйлер де салынуда. Мамандардың мәліметіне қарағанда, жыл сайын жалпы көлемі 410-420 мың шаршы метрді алатын баспаналар пайдалануға беріледі. Биыл бұл көрсеткіш 1 мың шаршы метрге артық болады дейді салаға жауаптылар.  Құрылыс нысандарына қолданатын материалдардың дені отандық тауарларды құрайды. Өзімізден шығатын кірпіштер, пластик терезелер, цемент, құм басты құралдардың бірі. Құрылыс тауарларын шығару саласында танымал фирмалар жеткілікті, олардың тауарларын халық бұл күнде көп тұтынады. Біздікі шетелдік тауарлардан әлдеқайда сапалы келеді. Қазір жергілікті кәсіпкерлер өңірдегі құрылыс жұмыстарында қажетті өнімдермен 80 пайыз қамтып отыр.


Айта кетейік, Түлкібас ауданы бойынша облыстағы «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан 96 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын.  Өткен жылы құрылысы басталған көп қабатты үйдің бірі 32 пәтерлі болса, екіншісі 64 пәтерлі тұрғын үй. Жыл соңына дейін құрылысы аяқталатын үйлердің пәтер кілті кезекте тұрған азаматтарға ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай табысталады деп жоспарлануда. Аталған жерге бүгінде ауыз су, жарық, көгілдір отын мен кәріз жолдары тартылуда. Айта кетейік, тұрғын үй кезегінде  көп балалы жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жас отбасылар бар. Сонымен қатар,  келер жылы  Түлкібас ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.