• Бүгін: 20.10.2019

Көпбалалы аналар үшін бөлек баспана кезегі болады

Бердібек Сапарбаев қазір көпбалалы отбасыларды баспана кезегіне бөлек тұрғызу мәселесіне қанша қаражат қажет болатыны пысықталып жатқанын айтты.


ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар үшін бөлек баспана кезегін құру мәселесі жайында айтты.



“Алтын алқа” иегерлері жалпы тізімде тұрмайды. Қазіргі кезде біз көпбалалы аналар үшін бөлек бір кезекті құру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бірақ оны бірден жасай алмаймыз ғой. Бәрін жан-жақты қарау қажет. Қанша қаржы керек? Қанша баспана салу керек? Соның бәрін жан-жақты қарастырамыз, – деді Бердібек Сапарбаев  Астанада көпбалалы аналармен болған кездесуде.



Министр көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің тағы бір жаңалығын жариялады.



Атаулы әлеуметтік көмекке келсек, Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді, бұрын отбасының әрбір мүшесіне табысты есептегенде ол ең төменгі күнкөрістің 50%-ы деңгейінде болса, енді оны 70%-ға көбейтеді. Егер бұрын 14 849 теңге болса, 1 сәуірден бастап оның көлемі 20 789 теңгеге көтеріледі. Ал енді Астанада басқа өңірлермен салыстырғанда орташа жалақы жоғары, сондықтан 21 698 теңгеге дейін көтеріледі. Біздің болжамымыз бойынша осы шарамен кем дегенде 830 мың қазақстандық қамтылады. Ал Астанада кем дегенде 6 700-ге жуық, – деді Бердібек Сапарбаев.



Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасының мүшесі жоғары оқу орнында оқыса, 21 мың теңгенің жәрдемақысы 23 жасқа дейін төленеді.



Осылайша осы уақытқа дейін отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңге төленіп келсе, 1 сәуірден бастап отбасының әрбір мүшесіне 20 789 теңге төленеді. Астанада 21 698 теңге. Ал отбасындағы ер кісіге және әйел кісіге бұрынғыдай 10 500 теңге қосымша төленеді, – деді министр.



Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.