• Бүгін: 24.04.2019 |$1 = ₸378.92

УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ БАСТЫ ҮМІТКЕРЛЕР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Киевте президенттікке басты кандидаттар Владимир Зеленский мен қазіргі президент Петр Порошенко сайлау участкелеріне келіп, өз дауыстарын берді. Зеленский жергілікті уақыт бойынша сағат 11:05-те келіп, дауыс берген. Оны күтіп алуға жиналған журналистердің көптігі сонша Зелинскийдің дауыс беру процесі әрең жүзеге асқан. Сыртқа шыққаннан кейін де оны қаумалаған көпшілік бірден жібере қоймай пікірін сұраған. Тіпті айнала қоршаған күйі кандидаттың көлігіне дейін барған. Бірақ ол көлік Зеленскийдікі болмай шығыпты. Ал актердің өзі «президент болуға өте лайық адамға дауыс бердім» деп пікір білдірген.
Журналистерге сұхбат берген Зеленский президент болып сайлана қалса не істейтініне дейін айтты. «Сіздерге шынымды айтайын, мені көбірек толғандыратыны елдегі жағдайлар. Бұған өзге мемлекеттердегі әріптестерім ренжімесін. Алғашқы сапарымды облыстардан бастап, Украинадағы шынайы проблемаларды шешуге кірісер едім. Әрине, жаһандық проблемаларды бәріміз жақсы білеміз. Бірақ түйінді сауалдар өзімізде де көп. Халықаралық іссапарларды кейін көре жатармыз» деді ол.



Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.