• Бүгін: 22.08.2019

Тегін дәрілер туралы ақпарат беретін контакт-орталық жұмыс істейді

Тегін дәрілік қамтамасыз ету туралы ақпарат берілетін 1439 нөміріне енді қалалық телефондармен де, ұялы телефондармен де хабарласуға болады.


Операторлар тегін бөлінетін дәрі-дәрмектерді жеткізу уақыты мен мерзімі туралы ақпарат ұсынады. Мұнда әр шағым назарға алынып, туындаған мәселені шешу жолдары талқыланады, ал бірегей дистрибьютордың өңірлік өкілдері медициналық ұйымдармен бірге қажет дәрілерді дәріханаларға тез арада жеткізуді ұйымдастырады.


«СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, контакт-орталық іске қосылғалы бері 1439 қысқа нөміріне 10 мыңнан астам қоңырау түскен.


«Операторлар дәрі жеткізу мәселесі туындаған медициналық ұйымға тез арада хабарласып, тапсырыс жасау және дәрілерді шұғыл жеткізу мәселесін шешуге тырысады. Тіпті, емхананың өзі қандай да бір себеппен дәрі-дәрмекке тапсырыс бермесе немесе жеткіліксіз көлемде тапсырыс берсе де», - деді ол.


Өңірлік өкілдер проблема шешілгені туралы контакт-орталыққа хабарласып, дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде дәрілердің жіберілгені туралы мәлімет пайда болған соң контакт-орталықтың операторлары дәріге қол жеткізу мәселесін бақылау үшін науқаспен хабарласады.


«Біз үшін әр дәрінің науқасқа жеткізілгені және қазақстандықтардың тегін медициналық көмек аясында өздеріне тиесілі барлық дәріге еркін қол жеткізгені маңызды», - деді Б.Шәріп.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.