• Бүгін: 24.04.2019 |$1 = ₸378.92

ӘРБІР ЖАҚСЫ ІСТЕ ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІ ТҰР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы өкілеттілігін тоқтату жөнінде қабылдаған шешімі мен үшін күтпеген жағдай болды. Ширек ғасырдан астам уақыт мемлекетті басқарған Елбасының кеше ғана тәуелсіздік алған Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, дамыған елу елмен терезесін теңестірудегі сіңірген еңбегі орасан зор.


Әрине, бұл өмірде ешнәрсе де мәңгілік емес. Алдыңғы толқынды кейінгі толқын ұрпақ алмастыратыны табиғи заңдылық. Сол үшін Президенттің билік тізгінін өз қалауымен тапсыруы Елбасының көрегенділігінен туған шешім деп қабылдадым.


Мемлекет басшысының ел дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қандай жақсылық болса да оның бастауында Елбасы тұр. Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудегі еңбегінен бөлек, сыртқы саясатта да Президенттің салмағы ауыр. Халықаралық ахуалдар Елбасының бітімгерлігімен шешілгені аян. Оған Сириядағы, Украинадағы жағдайларды мысалға келтірсек жетіп жатыр.


Қуанарлығы, Нұраға президенттік қызметтен бас тартса да, еліміздің саяси өмірінде бұрынғыдай Қазақстанның болашағын қалауға еңбек сіңіре береді.


 Нұралы ӘБІШ,


облыстық мәслихат депутаты,


 «Бөрте Милка» ЖШС директоры.





Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.