• Бүгін: 24.04.2019 |$1 = ₸378.92

Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ міндетіміз

Сыбайлас жемқорлық  - әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Осы құбылыспен күресте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.


Солардың бірі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жоюға бағытталған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі. Жобалық кеңсенің құрамы түрлі қызмет салаларының, атап айтқанда, Арнайы мониторингтік топ, Нұр Отан, кәсіпкерлер палатасының, ассамблея және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінен тұрады.


Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.


Тағы бір жоба кәсіпкерлік саласына бағытталған, анығырақ айтқанда, бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау. Осы бағытта Агенттік тарапынан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, Департаментпен тығыз байланыс орнату мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерден жауапты тұлғалар белгіленген. Инвесторлармен 30 468 000 000 теңге құрайтын 10 келісімге қол қойылды. Осы жоба аясында, «Бал Текстиль» ЖШС, «Tumar Textile» ЖШС, «Қошқар ата» жобасының инвесторының, «Шымкент сити» жобасының инвесторының құқықтары қорғалды.


Агенттік қоғам белсенділерімен тығыз қарым-қатынаста болуды әрқашанда қолдайды. Сондықтан-да, Департамен жанынан Арнайы мониторингтік топ құрылған. Арнайы мониторингтік топ - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асыру барысын мониторингтеуге бағытталған. Оның құрамына азаматтық қоғам институттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлер енді.


Сонымен қатар, Департамент барлық сала өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Білім саласында «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобалары, теміржол саласында «Адал жол» жобасы жүзеге асырылуда.


Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресуде бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ғимараты Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 3А үйде орналасқан.


 


 


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.