• Бүгін: 24.04.2019 |$1 = ₸378.92

ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынуды қарау шеңберінде қалалық экономикалық тергеу департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.


Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов, департамент басшысының орынбасары К.Қабылбеков,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов және ЭТД ұжымы қатысты.


Кездесу барысында Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары  К.Қабылбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның алдын алу жұмысының әдістері туралы хабардар етті.


Қатысушыларға сотқа дейінгі тергеудегі қылмыстық іс бойынша түсіндірме берілді.


ҚР  МҚІСЖҚА Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ азаматтардың өміріне қолайлы жағдай жасау мақсатындағы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ауқымдылығымен таныстырды.


Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық пен әдепсіз қылықтардың алдын алу бойынша жұмысты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік органның қызметін атап өтті.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.