• Бүгін: 26.06.2019 |$1 = ₸379.81

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА ФОРМАТҚА КӨШПЕК

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде кездесу өткізді.


Пікір алмасу барысында тараптар ашықтық, жариялылық, қол жетімділік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, бұл әлеуметтік қорғау қызметінің негізгі бағыттары екенін айтып, Халықты әлеуметтік қорғау департаменті жұмысының жаңа үлгісі туралы уағдаласты.


Жаңашылдықтардың енгізілуімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы болады, бұл өз кезегінде халықпен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, қолайлы жағдай жасау мақсатында Департамент әкімдік тарапынан ДЕСК жанында автобус аялдамасын орнату туралы келіссөздер жүргізілуде, сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметтерін алушыларды қабылдау жайлы, кедергісіз жағдайда жүргізілетін болады.


Іс-шараға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті А.Нұрсейітов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі С.Нәси, Жобалық кеңсенің басшысы Е.Төлебаев, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишев,  Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Колосков қатысты.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.