• Бүгін: 22.08.2019

«Шымкент – адалдық алаңы» жобасы республиканың 9-ға жуық өңірінің жастарына таныстырылды

«Жастар жылына» орай «Ел болашағы - дарынды жастар» тақырыбында республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті.


Ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының проректоры М.Анартаева, қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының өкілдері мен республиканың 9-ға жуық өңірінен келген студент жастар қатысты.


Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ә.Көмекбаев байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, республика бойынша жүзеге асырылып отырған «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері бар екендігін жеткізді. Соның ішінде, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаевты таныстырып, жастарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.


Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.