• Бүгін: 25.08.2019

Белгілі саясаттанушы Тоқаевтың алдағы президент сайлауындағы мүмкіндіктерін бағалады

Белгілі саясаттанушы Ербол Едилов Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы президент сайлауындағы мүмкіндіктерін бағалап көрді. Оның ойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы мансабына ең лайықты үміткер. Сарапшы осы жайлы жазбасын өзінің Telegram-арнасында жария етті.
Менің кейбір әріптестерім мен саяси білімді отандастарым мені түзеткісі келер, «әйел адам болады» деп. Бастапқыдан, менің күннен күнге күшейіп келе жатқан бір болжамым – қазіргі президент қызметін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев. Бірден айта кетейін, өзге бақылаушылар да оған үміт артып отыр, бірақ саясат – бәс тігетін тотализатор емес, сондықтан өз көзқарасымды (позиция) негіздеп көрейін. Оған қоса Қазақстандықтардың көбі Қасым-Жомарт Кемелұлының күмәнсіз артықшылықтары жайлы ұмытып кеткендей, немесе оларға мән бермеуге тырысады.
Біріншіден, басталған билік транзиты және осыған бастама болған барлық жағдайлар тұрғысынан қарау керек. Бұл – барлығын дүрліктірген өкілеттіліктерді қайта тағайындау. Президенттің өкілеттілігі азайып қалды демеймін, сонда да бір мойндайтын факт, президенттік-парламенттік Республиканың (қазір Қазақстан де-юре осы дәрежеде) басшысы бұрынғыдай емес. Бірақ бұл қызметте кеудемсоқтықтан аулақ, мінсіз абыройлы, елде де, одан тыс жерлерде де құрметке ие адам болуы шарт. Оған қоса «қазіргі биліктің саяси тұрақтылығы мен басты жолын» жалғастырушы болуы тиіс.
Бұған қатысты басқа да талаптар бар, дегенмен, жоғарыда келтірілгендеріне Қасым-Жомарт Кемелұлы өзгесінен артық сай келеді. Сыртқы саясат тұрғысынан бастайын. Дәлірек айтқанда, алғашында айтылғанды аздап қайталап, толықтырайын. Сонымен, Тоқаев мырза Қазақстан сыртында жоғары құрметке ие. Ол АҚШ, Түркия, Қытай, Еуроодақ елдерімен дипломаттық байланыстардың қалыптасуының қайнар көзінде тұрған, Ресей және басқа да бұрынғы КСРО елдерімен екі жақты және мемлекетаралық келісім шарттарды жасасып дамытуға қатысқан, 1994 жылдан бері еліміздің беделін сыртқы істер министрі ретінде көтерген.
Өз дипломаттық карьерасын ол Одақ кезінде, және дәл сол Қытайда бастаған, соңында ҚХР-дағы КСРО елшілігінің бірінші хатшысы және кеңесшісіне дейін қызметі жоғарылаған. Тоқаев АҚШ-пен арадағы Семей полигоны бойынша келісімнің дайындалуы мен іске асырылуына тікелей қатысқан. Ал оны Ресейде қалай күтіп алғаны (әуежайдағы протоколдық күтіп алуды санамаңыз) – оның сол жерде де жоғары құрметке ие екенінің белгісі. Айта кетелік, Ресей президенті Владимир Путин Тоқаевқа өзі шақыру жасаған. Және де бұл «дипломаттық протокол» емес, ілтипат білдіру және Тоқаевтың Әлем алдында және өзі үшін жаңа дәрежеде барған бірінші мемлекет болайын деген ықылас. РФ СІМ Лавровтың оған қалай және қандай қошеметпен жүгіріп келгенін байқадыңыздар ма? Ал ол халықаралық дәрежелер тізімдігіндегі соңғы тұлға емес.
Шын мәнінде, бұл «тізімде» Тоқаев Лавровтан әлдеқайда жоғары. Дипломаттардың көбіне БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры болу бұйыра бермейді. Шынында бұл қызмет БҰҰ басшылығының әшейінде халыққа көріне бермейтін барлық әкімгерлік жұмыстарын құрайды. Халықаралық деңгейдегі дипломаттар мен саясаткерлердің биографиясында бұл, сөзсіз, ең маңызды тармақтардың бірі.
Касым-Жомарт Кемелұлының бұл қызметін оның оппоненттері де бақталастары да және т.б. мойындайды. Дұрыс пікірлі азаматтар - жақсы дипломат жақсы президент бола алады ма деген сұрақ қояды. Ішкі және сыртқы саясат әртүрлі тәрізді. Бұған былай жауап беремін. Біріншіден, қазір Қазақстан үшін сыртқы саясат бірінші орында тұрады.
Еліміздің артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де бар геосаяси орналасуы, Ресейдің, Қытай мен АҚШ және Еуропаның мүдделері аясында болуы, Ауғанстан тұсынан келіп жатқан жаңа талаптар мен қауіп-қатерлер – осының барлығы және басқалары, Қазақстанды жоғары дәрежелі дипломат басқарған жағдайда, артықшылыққа айналары сөзсіз. Екіншіден, Қазақстанда әлемнің алдағы елдері мен ұлтаралық компаниялардың экономикалық мүдделерінің шоғырланғаны құпия емес.
Олар елімізді болып жатқан жағдайды тек қызығушылықпен ғана емес, айтарлықтай алаңдаушылықпен бақылауда. Және оларға түрлі күйзелістердің, түрлі туысқандар тобының күресінің, меншікті бөлу оған қоса ұлттандыру мен келісім шарттарды қайта қараудың оларға еш керегі жоқ. Ал Тоқаев болса, осының бәріне өзіндік кепілдік іспеттес.
Үшіншіден, 2000-жылдардан бастап отандық оппозиция маңызы (қызметі) халықаралық қатынастар мен кейбір ішкі протоколдар аясына дейін қысқарған президент жайлы айтып келе жатыр ғой. (мысалы, осы жайлы «Нағыз Ақ жол» партиясының 2005-жылғы «За справедливый Казахстан» қозғалысының бағдарламасында, және тағы сол сияқтыларда жазылған)
Ішкі саясатты айтар болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің жоғарғы палатасын бес жыл басқарғанын ұмытпағанымыз жөн және оны мемлекеттің ішінде болып жатқан жағдайды білмейді деп санауға болмайды. Ол осы сұрақтар төңірегінде аз айтқанымен нақ айтты – жер мәселесі жайында латын әліпбиін еңгізу, әлеуметтік саясат жайлы. Оның үстіне, Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлына ішкі саясаттың басты мәселелері үйретті - яғни, ізбасары.
Елді тәжірбиесі үлкен дипломат басқарғанның тағы бір күмәнсіз артықшылығы бар. Дәлірек айсақ ішкі саясатқа, экономикаға және саяси жағдай үшін өте маңызды. Тоқаевтың өз командасына жинап жатқандарды қарап отырсақ, негізгі позиция оның коллегаларына түседі. Мысалы: оның кеңсесінің басшысы болып өзінің жұмыс өтілін дамыған Еуропа елдерінде, соның ішінде ГФР мен Данияда елшілікте өткізген, қадрлық дипломат Нурлан Онжанов болды. Ал, Президеттің көмекшісі соңғы кезге дейін Финляндияда елші болған Мұрат Нұртілеуов болды. Міне, нақ осы мемлекеттердің әлеуметтік саясатын көпшілік үлгі тұтады. Демек, ұзақ уақыт бойы «әділ социлаизм» шартында өмір сүріп, оның түп тамырын білетін адам, ел ішінде , жаңа қызметте бұл идеяларды ілгері жылжыта алады. Мемлекеттік Хатшы тек қана дипломатиялық қызметте (Ресейдегі елші) жұмыс істеп қоймай, сонымен қатар ішкі саясаттың қыр-сырын жақсы меңгерген, Марат Тажин болғанын да ұмытпағанымыз жөн.
Ал басқа кандидаттар қалай? Олардың барлығы және жеке алғанда Тоқаевтан асып түседі деп ойламаймын. Қоғамға ғана емес, сонымен бірге жүзеге асырылып жатқан жүйе мен жеке Елбасына да. Олар үшін де маңызды ұсыныс табылады деп ойлаймын, оған қоса Ақорда иесі рөлінің қайта қаралуы тиімділігінен гөрі жауапкершілік пен мәселелерге толы.
Сөзімнің соңына қарай және осы мақаланың басына қайта оралып, айтарым, Ерлан Карин мен Ержан Бабақұмаровтың президент кеңесшісі болуы, электоралдық кезеңнің таяп қалғандығының белгісі. Сондай –ақ, бұл президенттікке басты үміткер туралы қазіргі нұсқаны жанама растайды. Сонымен менің ойымша Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кезде, сыртқы саяси кезең мен ішкі саяси жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысы орнына ең мінсіз үміткер болып табылады.
Тірі болсақ көрерміз. Күтуге де аз қалды.
Авторы: Ербол Еділов, саясаттанушы .


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.