• Бүгін: 24.04.2019 |$1 = ₸378.92

Тоқаев ел Президенті болуға лайықты бірден-бір тұлға


Бүгінде Қазақстан жұртшылығы 9 маусымда ел Президенті кім болады деген сұрақпен алаңдаулы. Оның өзіндік себептері бар: Егемендік алғалы осы күндерге дейін елді басқарған Нұрсұлтан Әбішұлының ізін басатын адамды бұрын соңды елестетіп көрген емес. Әлеуметтік желілерде сан мәрте келесі президент кім болады деген сұраққа, ешкім де мардымды жауап айтып, нақты бір тұлғаның президент болуы үшін критерилер мен конструктивті дәлелдер келтіре алмауы, яғни көбіне ел ішінде жүрген саясаткердің аты-жөнін жазып, бірақ оның неліктен Президент болуы керектігін түсіндіре алмайды. Көптеген саясаткерлер мен мамандар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын да болжап отыр.


Kazpolit.kz редакциясы осы апталарда елдегі болып жатқан жағдайларды сараптай келе, қазіргі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауда Мемлекет басшысы болуға бірден-бір лайықты тұлға екенін хабарлайды. Әлем елдері алдындағы абыройының биіктігі, екі жыл (12 наурыз 2011 жыл — 16 қазан 2013 жыл) бойы БҰҰ бас хатшысының орынбасары болғаны халықаралық деңгейде қарымақтынас орнату қолынан келетініне дәлел бола алады. Ол премьер-министр (12 қазан 1999 жыл — 28 қаңтар 2002 жыл)  болған жылдары ел экономикасы (14 пайызға) айтарлықтай жақсарған.  Соңғы алты жылда Сенат төрағасы қызметінеде елеулі еңбек етті.  Бұл оның саяси мансабы. Ал оның қарапайымдылығы, Президент бола салысымен халықпен кері байланысты орнату мақсатында әкімдер мен министрлерге әлеуметтік желіде аккаунт ашуды тапсыруы, тіл мәселесі бойынша да былай деуі: «Бұл — өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек» оның халық үшін туған азамат екенінің дәлелі. Тоқаевты жастар да қолдайды, 60-ты алқымдағанына қарамастан ол әлеуметтік желілерде белсенді, елде болып жатқан жағдайлар мен оқиғалар туралы парақшасында өз пікірін білдіріп отырады. Бұл еліміздің болашағы — жастармен бір толқында болуының дәлелі.


Президент ретінде халық алдында ант беруден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі рет ел ішінде, бір рет шетелге ресми сапарға шықты. Еліміздің киелі өңірі болып саналатын Түркістан облысы мен Маңғыстау облыстарына баруының да қазақ халқына жағымды дүние.


Солтүстіктегі көрші елге сапары барысында Ресей Президенті Владимир Путинмен екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту мәселелері туралы уағдаласты.


Ендігі сапары 14-15 сәуірде ол алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады, яғни оңтүстік көршімен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ынтымақтастықты нығайту мақсатында бара жатқаны айтпаса да белгілі.


Еске салайық, 9 маусымда Қазақстан Президентін сайлау өтеді. Елдегі партиялар алдағы жиырма күнде өз кандидаттарын ұсынатын болады.




 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.