• Бүгін: 16.10.2019

Шымкент қаласында делдалдарды жою бойынша жұмыстар күшейуде

Әлеуметтік желілер мен қоғамның белсенді азаматтары жағынан қоғамдық бақылау күшейгені ерекше байқалады.


Осыған байланысты, Департаментпен арнайы мониторингтік топ белсенді азаматтар мен «жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау жүргізу жолға қойылған.


Департаментпен 2018 жылы 15-тен аса «жасырын тұтынушы» әдісімен бақылау іс-шаралары жүргізілді.


Нәтижесінде талонсыз кезектілік, ғимарат ішінде тиісті ауа температурасы сақталмағаны, құжаттарды беру секторында азаматтарға дайын құжаттарды кешіктіріп берілуі, тиісті бланкілердің болмауы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеу сияқты кемшіліктер орын алуда.


Сол сияқты Мамандандырылған ХҚКО-да делдалдардың (помогайки) заңсыз әрекеттермен айналысатыны анықталды.


Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде заңсыз әрекеттермен айналысатын 26 делдардар анықталып, оларға әкімшілік жазалар қолданылды.


Сонымен қатар, Департаментпен құрылған арнайы мониторингтік топ қазіргі таңда өз жұмысын жалғастыруда.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл


Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы А.Джумакулов


(фото из открытого источника)


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.