• Бүгін: 25.06.2019 |$1 = ₸378.53

«DIGITAL AGENT» «ЦИФРЛЫ АГЕНТ» - қосымшасын жүктеп ал да, мәселеңді 5 минутта шеш

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылды.


Аталған мобильдік қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеуге болады.
«DIGITAL AGENT» қосымшасының артықшылығы – қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының 8 Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен Мамандандырылған ХҚКО-да және Көші-қон қызметі орталығында азаматтарға қызмет алу барысында орын алған бұзушылық фактілері бойынша шағымдана алатыны және мобильдік қосымшаны қалай жүктеу керектігі туралы жадынамалар ілінген.
Қызмет алушылармен сауал жіберілгеннен кейін Агенттіктің тиіста аумақтағы құрылымдық бөлімшесі құзыреті шеңберінде әрекет етеді.



ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының
басшысы М.Алиев


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.