• Бүгін: 17.07.2019

ШЫМКЕНТТЕ «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУДА

Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің сарапшылар тобы Шымкент қаласына іс-сапары барысында айтылды.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ғимаратында кездесу өтіп, күн тәртібінің өзекті мәселесі  «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасының іске асырылуы болды.


Келген сарапшылар тобының құрамында: ҚР Парламент мәжілісі депутаты Абсатиров Кенес Гарапович, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл кеңесінің хатшысы Әшітов Батыржан Заирқанұлы болды.


Іс-сапар мақсаты мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттардан туындайтын дауларды талдау.


Осыған байланысты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов және «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің хатшысы Б.Әшітов және Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қ.Акеновпен кездесу өткізді.


Кездесу барысында Айбек Ақбергенұлы бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.


Сонымен қатар, Агенттік бастамасымен «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы туралы тоқталды.


Қазіргі таңда жоба аясында жалпы 11 келісімге қол қойып, сүйемелдеу жобалар сомасы 48 млрд. 468 млн. теңгені құраған.


Ал, Батыржан Заирқанұлының айтуынша аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізетіндігін және бизнестің дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама екендігін айтып өтті.


Отырыстың соңында, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен Департамент тығыз жұмыс атқаратыны туралы келісілді.


Фото ашық дереккөздерден алынды


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.