• Бүгін: 17.07.2019

Шымкентте "Жаңа формация полицейі" ұранымен Жас полиция қызметкерлерінің слеті өтті

18 сәуірде Шымкент қаласының полиция департаменті "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесіп Жас полиция қызметкерлерінің слетін ұйымдастырды.


Салтанатты шараның негізгі мақсаты - құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті, сондай-ақ жас полицейлердің кәсіби қалыптасуы болып табылады.


"Полицияның жұмысы қоғамның жіті назарында. Сіздердің қызметтеріңіз ел азаматтарының мүдделерімен және қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Полиция ашық болуы тиіс. Бұл үшін халықпен тығыз байланыс қажет».


"Полицияға қойылатын негізгі талап – тиімді жұмыс. Ал оның тиімділігін бағалаудағы басты шарт – халық сенімі» - деп атап өткен болатын Елбасы.


Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз кезегінде ішкі істер органдарында "Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер" арнайы жобасы аясында бірлескен жұмысқа ашық.


Аталған жоба аясында Шымкентте "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмыс істеуде, оның басты миссиясы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау.


Іс-шараға Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары – полиция полковнигі А.Әмзеев, 6506 әскери бөлімінің командирі – полковник  К.Үмбетов, құқық қорғау қызметінің ардагерлері, Шымкент қаласы бойынша Агенттік Департаментінің бас маманы А.Колосков, 6506 әскери бөлімінің және 6506 әскери бөлімінің офицерлік құрамы, сондай-ақ жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.


Жедел-қызметтік қызметте жоғары көрсеткіштерге жеткен үздік жас қызметкерлер, сондай-ақ олардың тәлімгерлері ПД басшылығы тарапынан марапаттарға ие болды.


Сонымен қатар, жастарға өз Отанына, жеріне және отандастарына деген сүйіспеншілікке адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мақсатында "Халық қаһарманы" атағының иегері, полковник Қ.Үмбетов іс-шараға қатысушылармен әр түрлі тақырыптарда әңгіме жүргізіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап берді.


Слет Шымкенттің жастар ресурстық орталығы дайындаған арнайы мерекелік бағдарламамен аяқталды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.