• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды (ОҚО)

Табиғатқа төнетін қауіптердің қатарында дала өрті аса қауіпті болып есептеледі. Өрт табиғат үшін ғана емес адамзат үшінде қауіпті. Бірақ кей жағдайларда сол өрттің туындауына адамзаттың өзі себепкер болатын кездер кездесіп жатады. Қызыл жалынның тұтануына тағы бір себеп апталаған ыстық күндер болуы мүмкін. Аптап ыстық дала өртін өршітеді. Осындай оқыс оқиғаның алдын алу үшін Түлкібас ауданы Балықты ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Ондағы құрам 5 ауылдық елдімекендегі дала, орман өртімен күресуге жұмылдырылады. Сондай-ақ, нысан қызметкерлері мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне де көмекке шығады. Бұл бекет Балықты ауылындағы ескі депоның ғимаратына жайғасты. Осыдан бірнеше жыл бұрын мұнда өртке қарсы күрес бөлімі болған. Кейін нысан жекешелендіріліп алынған. Араға жылдар салып, қазір мұнда қайтадан өрт сөндіру қызметінің бекеті жасақталды. Алдағы уақытта үш ауысымда жұмыс істейтін 9 адам, енді өрт сөндіру қызметінің мамандарына қолғабыс жасап, аудандағы дала, орман және тұрмыстық жағдайда тұтанған өрттермен күресетін болады. Арнайы бригада Састөбе, Балықты, Келтемашат, Арыс және Машат ауылдарындағы қызыл жалынмен күресуге жұмылдырылады. Ауылдың жергілікті тұрғындарынан құралған бұл құрамның арнайы кәсіби дайындығы болмағанымен, төтенше жағдай мамандары арнайы құрамның жас әріптестерімен тәжірибе алмасатындықтарын айтуда.


   Үстіміздегі жылы жалғыз Балықты ауылының аумағында 15 дала өрті, 1 орман өрті, сондай-ақ, астық алқаптарында 4 келеңсіз жағдайлар тіркелген. Осындай оқыс жағдайлардың тіркелуіне байланысты төтенше жағдай мамандары бұл құрамның жұмысы әлі бастан асады деп отыр. Айтқан жағдайдан аулақ әрине, бірақ оқыс оқиғалар орын ала қалған жағдайда бригада құрамына еріктілер мен жергілікті тұрғындар өз көмек қолдарын соза алады. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17