• Бүгін: 22.09.2019

АППАРАТ БАСШЫСЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Парманов М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенттерімен кездесті.


Кездесуде мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдау, мемлекеттік қызметке іріктеу, сынақ мерзімі, мансаптық өсу (меритократия қағидаты), сондай-ақ факторлық-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мәселелері талқыланды.


Студенттерді А.Пармановтың өмірінен алынған қызықты оқиғалары қызықтырды. Өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жас мемлекеттік қызметші ретінде ол студенттермен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік саладағы реформалар туралы әңгімеледі.


Осы тұрғыдағы кездесулердің басты мақсаты - мемлекеттік қызметке мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешудің жаңа идеялары мен жаңа тәсілдерін ұсынуға қабілетті белсенді және жауапты жастарды тарту болып табылады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.