• Бүгін: 23.08.2019

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Е.Қосаев М.Әуезов атындағы ОҚМУ "Басқару және бизнес" факультетінің студенттерімен кездесті.


Кездесудің мақсаты – жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, жастарды мемлекеттік қызметке тарту, мемлекеттік қызметтің қоғам өмірі үшін маңызы мен қоғамның даму үдерісіне қосатын үлесін түсіндіру.


Мемлекеттік қызметтегі жастардың өкілі ретінде Е.Қосаев студенттермен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп мемлекеттік қызметтегі жүзеге асырылып отырған жаңа реформалар мен тәсілдерді баяндап, осы саладағы жас мамандардың рөліне тоқталды.


«Жоғары оқу орнын аяқтаған әрбір жастың алдына қойған ең бірінші мақсаты жұмысқа орналасып, алған білімін тәжірибеде көрсету деп ойлаймын. Тәуелсіздік алғалы бері жастарға мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілуде. Біз өз кезегімізде елдің патриоты ретінде қай салада болсын елге адал қызмет ету қажетпіз» - деді спикер.


Іс-шара соңында мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірген студенттерге мемлекеттік қызметке кіру бойынша қажетті ақпаратты жинақтаған QR-код таныстырылды


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.