• Бүгін: 19.10.2019

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, еліміздегі бірден бір жоғары оқу орны болып табылатын - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге құжат қабылдаудың жалғасып жатқанын хабарлайды.


Оқуға қабылдау бойынша толық ақпаратты Академиялық бағдарламалар орталығынан +7 7172 75 33 95, 75 33 66 нөмірлері арқылы немесе www.apa.kz  сайтынан алуға болады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.