• Бүгін: 25.08.2019

ЛЕКТОРЛЫҚ ТОП ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫНДАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған лекторлық топ Шымкент қаласының Еңбекші ауданының 500-ден астам тұрғындарымен кездесті.
Кездесу Қарабастау, Жалын, Қаратөбе, Жұлдыз, Бадам ықшамаудандарының тұрғындарының қатысуымен өтіп, онда әр адам проблемалық мәселелерін көтеріп, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру көзқарасымен бөлісуге мүмкіндік алды.
Іс-шара Департамент басшысының орынбасары А.Шілмановтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі С.Төлбасиевтің, Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясовтың, "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев пен қаланың басқа да мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында жолдар, мектептердің құрылысы және жөндеу, канализация және пошта мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары жаңа автобус маршруттары үшін алғыс айтып, жүретін автобустардың маршруттарын өзгерту бойынша нұсқаларын ұсынды.
Кездесу барысында халыққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсыныстары баяндалды, сондай-ақ "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға QR-коды және жобалық кеңсенің байланыс деректері бар ақпараттық брошюралар таратылды.
Айта кетейік, Лекторлық топтың құрамы әлеуметтік-маңызды салаларға (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ және құқық қорғау органдары) назар аудара отырып, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылды.

Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.