• Бүгін: 23.06.2018 |$1 = ₸339.98

Шымкенттік полиция Skype-байланысына шығады

   Осыдан біраз уақыт бұрын Оңтүстікте тәртіп сақшылары халықпен тікелей байланыс орнату үшін «whats app» қызметін іске қосқан болатын. Бұл қызмет түрі арқылы кез-келген тұрғын дер кезінде орын алған құқық бұзушылық жайлы, көпшілік жердегі ережелердің бұзылғандығы жайлы және де өздерінің тарапынан туындаған ұсыныстар мен сұрақтарын құзырлы органға жолдауларына мүмкіндік беретін. Енді алдағы уақытта тұрғындар тәртіп сақшыларына тек бұл қызмет түрімен ғана емес «skype» арқылы да байланысқа шыға алатын болады.


   Қалалық жергілікті полиция мен қала әкімдігі тұрғындармен «Skype-конференция» өткізеді. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан мырза мәлімдеді.


   Данияр Мейірхан мырзаның айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары мен кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың қызметіне қатысты шағым немесе ұсыныстары бар азаматтар, Skype арқылы қоңырау шалуы қажет. Бейнеконференция жазып алынады жəне əр шағымға жергілікті полиция қызметкерлері міндетті түрде ден қояды. Аталған қызмет түрі биылғы жылдың 5-ші қыркүйегінен басталады. «Whats app» қызметнің арқасында біраз жайттар оң шешімдерін тапқан болса, жаңа қызмет түрі арқылы көптеген келеңсіз оқиғалардың мән-жайы анықталып, жаңа ұсыныстар легі артып, кәдәге жарайды деген ойда.


   Əр аптаның дүйсенбі күні қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы мен аудандардағы жауапты басшылары (кестеге сəйкес) бейнеқоңырауларға жауап беретін болады. Бұған қоса қала тұрғындары апта бойы «@Shymkent_mps» аккаунтына қоңырау шалып, бейне сауалдары мен ұсыныстарын қалдыра алады. Жаһандану кезеңіне бет бұрған Отанымыздың ұйытқысы Оңтүстік өңірдің полиция учаскелері озық технологияларды осылайша тиімді пайдалануда.


  


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Мау 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

8

12

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17