• Бүгін: 26.06.2019 |$1 = ₸379.81

ЛЕКТОРЛЫҚ ТОП АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл патриотизмнің жаңа түрі екенін жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ халық арасындағы түрлі мәселелерді анықтау мақсатында лекторлық топтың Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғындармен кездесуі өтті.
Лекторлық топ мүшелері жарты күн бойы Қазығұрт, Ақжар, Коммунизм, Құрсай және т.б. шағын аудандардан 500-ге жуық азаматтарды қабылдады.
Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілмановтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментініңөкілі С.Төлбасиевтің, "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері, Абай ауданы әкімінің орынбасары С.Бөрлібаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің департамент директоры С.Мәжінбековпен қаланың басқа да мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің қоғам өкілдерімен face to face форматындағы диалогтық алаңы тұрғындарға оларды толғандыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар Абай ауданының тұрғындарының өмір сапасын жақсарту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар жасады, мектеп, балабақша мен емхананың жанында бағдаршамдар орнатып, ескі автобустар мен маршруттарды жаңарту, дәрі-дәрмектерді алу, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек бойынша комиссия құрамына аудандық ақсақалдарды енгізу және т.б.
Кездесу барысында халыққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсыныстары баяндалды, сондай-ақ "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға QR-коды және жобалық кеңсенің байланыс деректері бар ақпараттық брошюралар таратылды.
Айта кетейік, Лекторлық топтың құрамы әлеуметтік-маңызды салаларға (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ және құқық қорғау органдары) назар аудара отырып, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылды.

Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.