• Бүгін: 19.10.2019

Білім сапасын арттыру – басты міндет

Оқу жылының аяқталуына орай мектептерде ақша жинау мәселесі  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, «Шымкент–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Текебаева мен колледж, мектеп, балабақша директорлары мен меңгерушілері қатысқан кездесуде талқыланды.


Шымкентте үшінші жыл қатарынан мектептердегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінетіндігін мәлімдеген қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай барлық мұғалімдерге, мектеп директорларына ресми түрде қосымша қаржы жинауға қатаң түрде тыйым салынғандығын баса айтты.


Өз кезегінде Департамент басшысы Ә.Көмекбаев қарғыс емес, алғыс алатын сала өкілдеріне қатысты әлеуметтік желілерде жағымсыз пікірлердің дендеп кеткендігін жеткізіп, мектептерде ақша жинау мәселесі емес, басты мәселе – білім сапасын көтеру болу қажеттігін баса айтты.  


Айта кетейік, Департамент басшысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық пен жазатайым оқиғалардың алдын алу, ата-аналарға артық салмақ салмау, артық ақша жинауға мүмкіндік бермеу  мақсатында бітіруші түлектердің салтанатты кештерден бас тарту ұсынысын алға тартып, бірауыздан білім саласы қызметкерлері тарапынан қолдау тапқан болатын.


Сонымен қатар, жиын барысында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен пилоттық жоба ретінде №80 мектепте құрылған «Қоғамдық қордың» жұмысы түсіндірілді.


Пилоттық жоба ретінде құрылған «Қоғамдық қор» мектепке көмектесуге ниет білдірген ата-аналар қолма-қол қаржыны бермей, арнайы қорға тікелей аударып, онда тіркеліп отырады. Бұл өз кезегінде мектептерде ақша жинау үдерісін тоқтатып, қаржының қандай мақсатта жұмсалғандығын біліп отыруға мүмкіндік береді.


Биыл мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 260 млн. теңге қаралып отыр.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.